Әдістемелік бірлестіктің құрамы.
1. Құлжанбеков Дүйсен бірінші санатты, білімі жоғары
еңбек стажы 23 жыл. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.
2. Рақымжанов Қуантай екінші санатты, білімі жоғары,
еңбек стажы 5 жыл. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы.
3. Зайтов Медет білімі жоғары еңбек стажы 2 жыл. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.
4. Ережепова Клара білімі жоғары, еңбек стажы 3 жыл. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.
Өткен оқу жылының қорытындысы.
2006 - 2007 оқу жылында АӘД және дене тәрбиесі пән бірлестігі
жоспарда көрсетілген міндеттемелерін толық орындап шықты. Оқу сапасын арттыру, алған білімді практикада қолдану АӘД пәні бойынша өткен "Саптық дайындық" байқауында "Қалқан " "Ұлан" әскери - патриоттық ойынында жүзеге асырылды. дене тәрбиесі бойынша күзгіжәне көктемгі президенттік сынақтарды тапсыру кезінде жекелеген оқушылар дене тәрбиесі, дене мәдениетін дамытуда нәтижелерге жеткенін көрсетті. Пән бірлестігі бойынша "Дене тәрбиесі сағаты" "Денсаулық күні" - 2007 шаралары және көзделген спорттық шаралар өз денгейінде өтті.
Жаңа оқу жылындағы міндеттер.
Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу бағдарламасы бойынша саптық. тактикалық, атыс, медициналық дайындық, топография, аззаматтық қорғаныс бойынша. оқушылардың білімдерін қалыптастыру, Отансүйгіштікке ел жандылыққа тәрбиелеу, алған білімдерін практикалық түрде көрсетіп дамытуға ықпал жасау. пәнің оқытылуын практикалық жаттығулар жағдайында байқап бақылау жасау. АӘД бойынша сыныптан тыс шаралары көптеп ұйымдастыру. Дене тәрбиесі пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына, сыныптар бойынша бағдарламаға сәйкес оқушылардың өмірлік маңызы бар білімге ие болуын қамтамасыз ету. сынып аралық спорттық т шараларды көптеп ұйымдастыру.
Мектептің мәселесі.
Пән бірлестігі мектеп оқушыларының дене қимылдарын дұрыс жасау салауатты өмір салтын насихаттау мектеп бойынша өткізілетін әскери - патриоттық және спорттық жарыстардың өз мәнінде өткізілуін қадағалау. Аудан көлемінде мектептің намысын қорғайтын оқушыларды іріктеу. Мектеп оқушыларын АӘД және спорттық шараларға көптеп қатыстыруды жолға қойю керек.
Алғашқы әскери дайындық пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары.
Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Ал Алғашқы әскери дайындық пәнінің алдында тұрған талаптар: < толығырақ...