Бұл ұйым біздің мектепте 2004 жылы құрылды.Ұйым құрамында 65 оқушы бар.Жалпы ұйымға 5-10 сынып оқушылары қатысады.Ұйымның президенті және топ жетекшілері сайланған.Ұйымда екі топ жұмыс жасайды.Ұйымға 2005 жылы жерлес ақынымыз Тұрсын Жұмашевтың аты берілді.Ақын туралы ұйым мүшелері біраз материалдар жинақтап, қорғады.Топтарға:Ітоп қарт ұстаз Зейнел Боранбаевтың,ІІ топ ақын Кәрім Сауғабаевтың аты берілді.Ұйымның әрбір оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалады.Айына бір рет ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы өтеді.
Болашақ ұйымының бес бағыты.
«Біз дамысақ-Қазақстан дамиды» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіледі.Бұл ұйымда бес бағытта іс- әрекеттер жүргізіледі.
1.Атамекен
2.Дені саудың-жаны сау
3.Қалқан.
4.Біз қасыңдамыз,біз біргеміз
5.Мен өзім.
Осы бағыттар бойынша ұйымда көптеген шаралар өткізілді.Атап айтсақ: «Сиқырлы қазан» «Әке көрген-оқ жонар,Ана көрген-тон пішер».Дені саудың-жаны сау бағыты бойынша «Мен чемпион», «Әкем, шешем және мен» деген спорттық ойындар, «Спид-кең таралған дерт», «Темекі тартудың зияны» атты дөңгелек үстел , пікір – сайыстар, «Өнерлі елдің өресі биік» деген сайыстар өтті.«Қалқан» бағытында «Қалқан» әскери ойыны, «Қазына»ойыны өте қызықты болды.«Біз қасыңдамыз ,біз біргеміз»бағыты бойынша ұйым мүшелері өздеріне бөлінген жалғыз басты қариялардың үйіне барып көмектеседі.Қарттар мерекесіне арнап концерттік бағдарлама, «Қарты бардың қазынасы бар» атты тәрбие сағаттары өткізілді.Мектепте әлеументтік аз қамтылған үйдің балаларына арналған «Қамқорлық» акциясы өтіп тұрады.Ұйымда сонымен қатар ойын түрлері,треингтер жүргізіледі.Бұл ойындар оқушыларға өте ұнады.Атап айтсақ «Керуен ойындық-би бағдарламасы»,Ұйымдастырушы-іскерлік ойын «Топ қызметін жоспарлау» тағы басқада ойын түрлері өткізілді.Республика күніне арналған «Менің елім-достықтың Отаны» атты фестиваль өтті.Бұл күндері ұйымда салтанатты жиын және ұйымға жаңадан мүшелер сайланады.Ұйымда әр мереке сайын шаралар өтіп тұрады.Бұл ұйым мүшелерінің белсенділігін арттырады.