|
||||||||||||||||||||||
![]() |
![]() |
|||||||||||||||||||||
|
Егіндібұлақ селосындағы №43 орта мектеп 2001 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған.
қазіргі уақытта мектепте 352 оқушы білім алады, 46 мұғалім жұмыс істейді. 21 сынып комплекстісі бар. Мультимедия, компьютер сыныптары қызмет атқарады. 14 оқушыға бір компьютерден келеді. Мектеп ұжымы білім беру ісінде жылма-жыл елеулі табыстарға жетіп келеді. 2004 жылдан бері ұлттық біріңғай тест сынағының қорытындысымен төрт жылда 44 оқушы мемлекеттік грант иегерлері болып, түрлі жоғарғы оқу орындарына түсті. Былтырғы ҰБТ да мектеп түлегі Динара Есмаганбетова 111 балл алып, аудан бойынша бірінші орынға шықты. Ұлттық бірыңғай тестіде білім сапасы 2005 жылы 67.3 пайыз, 2006 жылы 73.4 пайыз, 2007 жылы 78.6 пайыз болды. Мектеп жарық, кең, жылы әрі сәулетті. Спорт және мәжіліс залдары жұмыс істейді. Мектеп құрылғаннан бері төрт рет аудандық семинарлар мен конференциялар өтті. Асхана оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. 70 көпбалалы және жұмыссыз отбасылардың балаларына тегін тамақ беріледі. Медпункт сапалы, әрі уақытылы дәрігерлік қызмет көрсетеді.
|
|||||||||||||||||||||
School ©2007. Все материалы, принадлежащие среднее школы №43 , размещенные на настоящем web-сайте, являются собственностью школы охраняются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
|