:
Сілтемелер
12 Алғашқы әскери дайындық пәнінен сапалы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жолдары.
Ақорда
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық сайты.
Білім министірлігі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі.
№5 орта мектеп
Қарағанды облысы қарқаралы ауданы Егіндібұлақ селосының №5 орта мектебі.
Рефераттар
Қызықты кез - келген тақырыптар бойынша.

Егиндыбулак @ 2007-2008 жыл.. №43 орта мектеп Қазбек би/ 37 :: Телефон 8-72-147-91-4-50 Karschool43@yandex.ru
1

Қ.Х.Рақымжанов
№43 орта мектеп
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушысы

Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Ал Алғашқы әскери дайындық пәнінің алдында тұрған талаптар:

  1. Отанын кез-келген уақытта қорғауға дайындау;
  2. Азаматтық пен елжандылыққа тәрбиелеу;
  3. Өз Отаны Қазақстан Республикасына шынайы берілгендік,Қарулы Күштерге деген сенім беріктігі мен сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  4. Жеке адамның Азамат ретінде Отанын қорғау жөнінде өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
  5. Әлемдік және Отандық Қарулы Күштердің жетістіктеріне көз жеткізе отырып баулу;
  6. Қарулы Күштердің материалдық-техникалық базасымен таныстыру;

Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытуда осы міндеттерді басшылыққа ала отырып,бағдарлама талаптары және Қ.Р Қарулы Күштерінің жарғылары негізінде сапалы білім беру-өмір талабы.

Сапалы білім берудің тиімді жолдары:

  1. Бағдарламаны басшылыққа алып сабақ жоспарын жасағанда ең негізгі берілетін ұғымдарды іріктеп алып сол ұғымдарды меңгерту;
  2. Алғашқы әскери дайындық пәніне деген қызығушылығын тереңдету.Ол үшін теориялық сабақты практикамен ұштастыру.
  3. Оқушыны шығармашылық күш-қуатын дамытуға дағдыландыру(білім сапасын көтеруде септігін тигізетін қосымша элементтерді енгізу,практикалық түрде жаттықтырып үйрету)
  4. Пәнаралық байланыс. Сабақты математика,физика, тарих, география, дене тәрбиесі,валеология т.б пәндерімен байланыстыра өткізу;
  5. Жаңа педагогикалық технологияларды,инновациялық бағыттарды,әдістер мен тәсілдерді енгізу;
  6. Пән бойынша хабарлама, баяндама, рефераттарды жазу, жұмыстарын қорғау оқушының өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына ықпал етеді.
  7. Сабақтың тақырыбына қарай жергілікті жерді және материалдарын пайдалану;
  8. Әр тараудан соң тест алу;

Жаңа педагогикалық технологияларды, инновациялық бағыттарды енгізу.Қазіргі білім саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты,жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Тәжірибемде С.Н.Лысенкованың «Оза оқыту»,В.Ф.Шаталов технологиясы бойынша тірек-сызба және тірек-конспектісінің көмегі арқылы оқыту тәсілін «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің теориялық сабақтарында пайдаланамын.
Жаңа оқыту технологиясының тиімділігі сонда,оның элементтері арқылы балмен тиімді жұмыс істеуге болады.

  1. Ұжымды жұмыс істеуге болады.
  2. Ақпаратты өз бетінше түсінуге бағыттайды.
  3. Сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.

4. Оқушы теорияны практикамен ұштастыра алады.

 

Әр тараудан соң тест-интервью алу.


Алған білімдерін бағалау үшін Қ.Бітібаева технологиясын басшылыққа ала отырып, «тест-интервью» әдісімен сұрау.
Мақсаты: Кейбір білім деңгейі «орташа» оқушылар «өте жақсы» деген баға алуы мүмкін, алған білімдерін
нақтылау үшін,тесттік тапсырмалардан ауызша сұрақтар қойып,жауабын тыңдап алған соң бағалау.

Саптық дайындық

  1. Әскери қызметшілердің өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі және машинадағы жарғымен бекітілген орналасуы?

А) Лек Ә) Сап Б) жорық сабы
2. көрсетілген бағыттағы бірінші болып келе жатқан әскери қызметші ?
А) Қатар Ә) Бағыттаушы Б) Тұйықтаушы

Әскери қызметтің негізі.

  1. мерзімді әскери қызметке шақыру жасы?

А) 17-25 Ә) 18-26 Б) 18-27
2. Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің құрылған жылы?
А) 8 мамыр 1992 жыл Ә) 7 мамыр 1992 жыл
Б) 25 қазан 1991 жыл

Тактикалық дайындық.
1.Мәжбүрліктен не болмаса шабуылдау мүмкін болмаған жағдайда жүзеге асырылатын ұрыстың түрі?
А) Қорғаныс Ә. Маневр б) Соққы
2. қарсыластың тылынан соққы беру мақсатында жасалатын неғұрлым терең маневр.
А) Қамту Ә) Шегіну Б) Орағыта өту.

Атыс дайындығы.

  1. Атылған оқ ауада ұшу кезінде сызылатын қисық сызықты не деп атайды?

А) Көтерілу бұрышы Ә) Лақтыру сызығы
Б) траектория

  1. Автоматтың қай бөлігі қолды күюден сақтайды?

А) Ауыстырғыш Ә) Шетмойын Б) Магазин В) Бекітпе

Азаматтық қорғаныс

  1. Иприт және люизит қандай улағыш қару түріне жатады ?

А) Жүйке жансыздандыратын
Ә) Тұншықтырғыш
Б) Тері іріңдік
Е) Жалпы улы
2. Өткір радиация және жарық сәуленелу қандай жарылыста болады?
А) әуедегі Ә) Жер (су) астындағы Б) Жер,су бетіндегі
Е) Биіктіктегі

Әскери топография

  1. Жергілікті затқа қарап бағытты анықтау

үшін не пайдаланады?.
А) Сағат Ә) Лимб Б) Компас Е) Азимут
2. Өлшеу кезінде орта бойлы адам үшін жұп адым
қанша метр деп алынады?
А) 1,9 Ә) 1,7 Б) 2 В) 1,5
Біздің Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің басты міндеті жан-жақты білімді, ұстамды, тәртіпті, әскери қызметке кез-келген уақытта шақырылса да дайын, төтенше жағдайда өз бетімен шешім қабылдай алатын,саналы, тәрбиелі азамат қалыптастырып шығару

School ©2007. Все материалы, принадлежащие среднее школы №43 , размещенные на настоящем web-сайте, являются собственностью школы охраняются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

 

Hosted by uCoz