:
Сілтемелер
12 Қаздауысты Қазыбек
Ақорда
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық сайты.
Білім министірлігі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі.
№5 орта мектеп
Қарағанды облысы қарқаралы ауданы Егіндібұлақ селосының №5 орта мектебі.
Рефераттар
Қызықты кез - келген тақырыптар бойынша.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егиндыбулак @ 2007-2008 жыл.. №43 орта мектеп Қазбек би/ 37 :: Телефон 8-72-147-91-4-50 Karschool43@yandex.ru


(1667-1764) қазақ халқының XVII-XVIIІ ғасырдағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті орта жүздің Бас биі еткен.
Қазыбек бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өнегелі өсиет сөздер қалды. Олар қалауы бұзылмаған саф алтындай таза күйінде бүгінгі ұрпаққа жеткен.
Қазыбек би ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстанған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы бекболат, одан ілгері жалғасатын Тіленші, Алшыбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған.
         Қазыбек би Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Марқұмның мәйітін Бекболат оңаша киіз үйде сақтаған, көктем шыға Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне апарып жерлеген, басына құлпытас орнатқан. Ауылда 1995 жылы ескерткіш орнатылған. Осы жылғы мамыр айының 3-і күні ғысырлар бойы ұрпақтардың қолында сақталып келген қастерлі дүние, ұлы бабаның иығына жамылған шапанның Астанадағы ел Президентінің Мәдени орталығына салтанатты түрде табыс етілуінің рәсімі болып өтті.

 

 

Жүрсін Ерман ақын

Қазыбек бидің шапаны

Туғандай тектілерде бір күман шақ,
Құт – қызық көңілдерге кірді мансап.
Ал сізбен алты алаштың басын қосқан,
Қадірін Қазыбектің жүрмін аңсап.
Тарихым тағы да бір жаңғырыпты,
Ұрпағым ойлансын деп мәңгілікті.
Найза емес, қылыш емес бабам бізге,
Шапанын мұра ғылып қалдырыпты.
Жабылса күнделікті жатқан шапан,
Оқа емесортамызда жоқ болса адам.
Тобылғы  торғылықтан қымбат маған,
Бабамның исі сіңген мақпал адам.
Өзгеріп жатқанымен  жылдам сала,
Осыдан болар еді – ау үлгі алса да.
Даладай кең шапанның өңірінен,
Көркі де алтын асық ұл қаншама.
Тозбаған, былғанбаған, ластанбаған,
Тағылымы бұл шапанның  дастан маған.
Айқара ашып тастап омырауын,
Бауырына  бар қазақты басқан бабам.
Балаға талпынбасқа  қандай үлгі,
Тигізем тәберікке маңдайымды.
Шапанын шалдар бізге  қалдырған-ау,
Жамылып жүріңдер деп шалғайымды.  

 

School ©2007. Все материалы, принадлежащие среднее школы №43 , размещенные на настоящем web-сайте, являются собственностью школы охраняются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

 

Hosted by uCoz